05 шілде 2022 10:25

Бурабайда елорда тұрғыны таудан құлап кетті

Фото: Ақмола облысы ТЖД

19 жастағы астаналық "Туфелька" төбесіне көтеріліп, 20 метрлік биіктен құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы астаналық "Туфелька" төбесіне көтеріліп, 20 метрлік биіктен құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының 2003 жылғы тұрғыны ел арасында "Туфелька" деген атпен белгілі тауға шығып бара жатып, 20 метр биіктіктен құлап кетті", - деп хабарлады ТЖД.

Оқиға бүгін сағат 16:47-де болған. Мәліметтер бойынша, еңіспен өрмелеп келе жатқан жас жігіт тау етегіне құлаған.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына құтқарушылар тобы дереу шықты. Олар зардап шеккен адамды зембілге тиеді. Оны тасымалдауға аяқтың сынуы мен көптеген жарақаттар кедергі болды. Құтқарушылар оны жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Қазіргі уақытта жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр", - деп түсіндірді ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар тауда қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.

Бурабайдағы Көгілдір шығанақ аймағында аяқкиім түріндегі тастарды көруге болатын тау (кейбір дереккөзде жартас) бар. Жартас халық арасында "Туфелька" деген лақап атқа ие. Бұл танымал туристік орынға жаяу жүргіншілер жолы апарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram