Бурабайда катамаранға отырамыз деп жағадан алыстап кеткен балалар құтқарылды

Фото: ТЖМ

Катамаранға мінген балаларды ТЖМ қызметкерлері құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Катамаранға мінген балаларды ТЖМ қызметкерлері құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бес бала Қатаркөл көлінің жағалауында иесіз қалған катамаранды тауып алып, түнгі уақытта оған мінбек болады. Оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында болған.

Жағадан бес метр жүзіп кеткенде үш бала қорқып, катамараннан өз бетінше жүзіп, жағаға жеткен.

Реклама
Реклама

"Катамаранда 2008 және 2014 жылы туған екі бала қалып қойған. Олардың біреуі жүзе алмаған. Қатты жел салдарынан катамаран жағалаудан 500 метр қашыққа алыстап кетті. Жағаға оралған балалар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардан көмек сұраған", - деді ТЖМ өкілдері.

ТЖМ мәліметінше, суда құтқару жасағының қызметкерлері тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, балаларды тапқан. Қайықпен жеткен құтқарушылар оларды жағаға жеткізіп, жедел медициналық жәрдем көлігіне тапсырған.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама