Бурабайда Синюха тауында өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Бурабайда Синюха тауында өрт шықты Фото: ҚР ПІБ Telegram-арнасы

Бурабайда Синюха тауында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бурабайда Синюха тауында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше түнде, сағат 23.30-да Smart Burabay мониторинг жүйесі Синюха тауындағы өртті тіркеді. ПІБ диспетчерлері өрттің нақты координаттарын шұғыл есептеп, оларды Бурабай ұлттық паркінің инспекторларына берді.

Таудың басына көтерілу үшін Бурабай орман шаруашылығының қызметкерлеріне бір сағат уақыт қажет болды. Себебі, Синюха тауына күндізгі уақытта да көтерілу қиын, ал түнде тіпті тастарға жанасып көтерілуге тура келді. Өрт толығымен сөндірілді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Бурабай шипажайында үш адам от жаққаны білгілі болды. Оларға Қазақстан Республикасы ормандарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 306 300 теңге айыппұл төлеуге тура келеді (367-бап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 3-бөлігі - 100 АЕК). Егер айыппұл бір апта ішінде төленсе, онда бұл соманың жартысы қысқарады.

Топ жетекшісі, орман шебері Сергей Щидловскийдің айтуы бойынша, жартастағы от сөндірілгеннен кейін де қауіпті болуы мүмкін. Шоқтар тастардан құлап, бықсып, бірнеше күннен кейін желдің әсерінен қайта жануы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама