ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2022 | 17:46
Біз неге бұлттан адам бейнесін жиі байқаймыз?
Әлеуметтік желілерде аспанда бұлттан пайда болған бейненің видеосы тараған болатын. Бұл қайдан пайда болған құбылыс? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде аспанда бұлттан пайда болған бейненің видеосы тараған болатын. Бұл қайдан пайда болған құбылыс? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
@user3968112443680♬ оригинальный звук - Сапар
@user3968112443680♬ оригинальный звук - Сапар
Желіде тараған видео авторы - Сапар есімді ер адам. Оның сөзінше, оқиға Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында болған.
"Екі көз. Көрдің бе? Қарасай міне, екі көзі, мұрны, аузын қара. Көрдің бе?", - дейді видео авторы.
Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған:
"Алланың құдіреті шексіз", "Торнадо деп ойлаған мен ғана ма?", "Бұл белгі! Адамдар, мейірімді болайық!", "Төбемізден қарап тұр!", - дейді Желі қолданушылары.
Л.В. Тарасовтың "Ветры и грозы в атмосфере Земли" атты еңбегінде тұман секілді бұлт та су буының сұйық және қатты күйге ауысуы нәтижесінде пайда болатыны айтылады. Конденсация ауаның абсолют ылғалдылығының жоғарылауына немесе ауа температурасының төмендеуіне байланысты болады.
Ашық дереккөздерде бұлттың үш түрі бары айтылған. Олар будақ бұлт, қабат бұлт, шарбы бұлт. Одан бөлек ақша бұлт, ала бұлт, зілмауыр бұлт, қазбауыр бұлт, қара бұлт, қатпарлы бұлт секілді де түрлері бар.
Адам кездейсоқ нәрседен неге түрлі бейне көреді?
gazeta.ru материалында ғалымдар адам кездейсоқ нәрседен неге түрлі бейне көретінін түсіндірген.
Аустралиялық ғалымдардың айтуынша, адамдар эволюцияның арқасында түрлі заттардан бейнелер көруі мүмкін. Үйдің терезелері немесе тұсқағаздағы өрнек адамның беті, көзі немесе ауызы сияқты орналастырылса, адам миында бейнені тануда да осы механизм жүзеге асады. Бұл парейдолия деп аталады. Соған сай адамдар, шын мәнінде жоқ жерден, заттардан, бұлттардан, жұлдыздардан, аспаннан, тұсқағаздағы өрнектен адамдар мен жануарлардың бет-әлпетін, пішінін көруі мүмкін.
Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің аустралиялық ғалымдары әртүрлі нысандардағы бейнені көргенде, ми адамдардың бет-әлпетін танығандағы механизмдерді қолданатынын айтқан.
Доктор Палмердің айтуынша, бет-әлпетті танудағы негізгі факторға назар аудару керек. Адамның жүзі әртүрлі, бірақ көз бен ауыздың орналасуы бірдей.
"Біздің миымыз бейімделген адамның бет-әлпетін анықтайтын белгілердің негізгі үлгісі - осы. Ол парейдолияға әкелуі мүмкін", - деген Доктор Палмер Газета.ru материалында.
Ашық дереккөзде аспандағы бұлттан көрінетін түрлі бейненің видеосы көп таралған. Мәселен, dailymail.co.uk жазған материалда Бейжің аспанында пайда болған бұлттың бейнесі қытайлықтарды шошытқаны айтылады.
Басылым мәліметінше, ядролық жарылыстан кейін қалған "белгі" сияқты көрінетін бейне, шамамен бір сағаттан аса уақыт байқалған. Кейбіреулер бұл құбылысты діни түсінікпен байланыстырған. Сарапшылар оның ешқандай қаупі жоғын айтқан.
Ал Ұлттық атмосфералық зерттеулер орталығының мәліметі бойынша, бұл жай ғана үлкен кумулонимбус бұлты екен. Оның ерекше формасы бұлт алдымен тігінен пайда болуына, бірақ жылы ауа қабаттарының әсерінен кейін көлденең бағытта дамығанына байланысты қалыптасқан.
Ғалымдар бұлттың жарқылын оның қалыптасуы күн батқан кезге сай келгеніне байланысты екенін түсіндірген.
2021 жылғы РИА Новости мәліметтерінің бірінде Қытайдың солтүстігінде аспанда ерекше бұлттар түсірілген ақпарат жарияланған. Басылымда бұл құбылыс сирек кездесетіні әрі тропикалық циклондар пайда болуына байланысты екені айтылған. Видеодағы бұлттар қаптарға ұқсайды.
2020 жылғы 11 мамырда алматылықтар Желіде аспандағы ерекше көрініс - "отты" бұлттың суретін жариялаған еді.
Кейінірек бұл жайтты география ғылымдарының кандидаты, эколог Айжан Сқақова түсіндіріп берген болатын.
Оның айтуынша, бұлттар қуатты кумулонимбуске жатады. Бұлттарды жіктеуде қабылданған халықаралық стандартқа сәйкес, олар Cumulus congestus деп аталады, бұл "жиналған" деген мағынаны білдіреді. Осындай бұлттар әдетте жылы мезгілде байқалады екен.
"Бұлттар - атмосфераның жай-күйінің көрінісі. 11 мамырда күн батқанда оңтүстік астананың аспанында ерекше көрініс болды. Жылы атмосфераға байланысты конвекция механизмдері жүзеге асып жатыр: ауа жер бетінде жылынып, атмосфераның суық қабаттарына дейін көтеріледі. Одан кейін су буы конденсацияланып, осындай әдемі бұлт түзеді. Сондай-ақ, бұлт - ауа райының жақсы болатынының белгісі, сондықтан оларды "жақсы ауа райы бұлттары" деп атайды", - деген сарапшы.
Айжан Сқақова мұндай бұлттар жоғары, тігінен "қалыптасатынын" түсіндірді. Әдетте, олар мақтаға ұқсайды, кейде күмбездер мен мұнаралар түрінде сағатына 8-10 шақырымға созылуы мүмкін.
"Бұлттар тропикалық ендіктерде болса, жаңбыр жауады. Біздің ендіктерде олар әдетте жауын-шашынсыз өтеді. Одан әрі түйдек бұлттар найзағай және жауын-шашын түрінде дамиды", - деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры Сқақова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также