Чилидегі ең қауіпті жанартаулардың бірі 40 жылдан кейін қайта оянды

Чилидегі ең қауіпті жанартаулардың бірі 40 жылдан кейін қайта оянды @Diapazon.kz

Чилиде ең қауіпті болып есептелетін Кальбуко жанартауы 40 жылдан кейін қайта оянды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, ел билігі жанартау көзінен 20 шақырымда тұратын мың жарымға жуық адамды эвакуациялады. Жанартау күлі бірнеше мыңдаған метр биіктікке дейін көтерілген. Ауаның ластануынан жергілікті әуе компаниялары жақын маңдағы әуежайлардағы рейстерді тоқтатты.

Айта кетейік, биіктігі 2003 метрлік Кальбуко Чилидегі ең қауіпті үш жанартаудың біріне жатады. Ол соңғы рет 1972 жылы атқылаған.

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама