ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2021 | 18:08
Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайын айтты
Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, құтқарушылар тапқан Әлия Камиев №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.
"Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қызды шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық, аспаптық тексеру әдістері жүргізілді. Ауруханаға түскен кездегі қыздың жағдайы ауыр болды", - деді басқарма өкілі.
Қазір қыз одан әрі емдеу және бақылау үшін жансақтау, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.
Айта кетейік, Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең БАО ауданына телефонсыз шығып, жоғалып кеткен болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен 75 ерікті жіберілді. Жоғалған адам 8 шілдеде 10.56-да табылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также