19 қазан 2021 17:19

Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайын айтты

Фото:elements.envato.com

Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мас жүргізуші қағып кеткен полицей 17 қазанда №4 Қалалық клиникалық ауруханаға сағат 23:40-та жеткізілген. 

"Науқастың екі аяғы сынған, ішкі ағзалары зақымданған. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", - деді басқарма өкілдері. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 18 қазанда Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен болатын. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнде "Буран-227" патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан "Hyundai" автокөлігін тоқтатқан. Түрлі дене жарақатын алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram