Дәрігерлер Астанада Infiniti жүргізушісі қағып кеткен қыздың жағдайын айтып берді

Астана ?алалы? Денсаулы? са?тау бас?армасында?ылар "Керуен" сауда орталы?ыны? ма?ында бол?ан жол апатынан зардап шеккен ?ызды? жа?дайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар "Керуен" сауда орталығының маңында болған жол апатынан зардап шеккен қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас миы шайқалып, оң жақ маңдайы жарақаттап алған. Маңдайын ұрып алған. Оң бұғанасы үгіліп, сол бүғанасы сынған. Кеудесінен ауыр соққы алған. Сол жағының 3,4,5,6-шы қабырғалары сынып, қозғалып кеткен. 1-2 деңгейлі шок алған", - деп хабарлады басқармадағылар.

Сондай-ақ, ведомстводағылардың мәліметінше, қызға ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада Infiniti жүргізушісінің үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған болатын. Полиция мәліметінше, зардап шеккендердің бірі - 25 жастағы қыз алғашқы көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Ал  Infiniti жүргізушісі мен 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама