ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2021 | 17:44
"Дем алу мүмкін емес". Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
Қарағандыда Доскей ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты. Оқиға болған жерде Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда Доскей ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты. Оқиға болған жерде Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полигонда өрт шыққаны туралы хабарлама 19 сәуірде сағат 14.00-де облыстық ТЖД-ға түскен. Көрсетілген жерге бірден өртсөндірушілер шықты. Олар полигонға жеткенде бірнеше өрт ошағын анықтаған.
"Өртті сөндіруге автоцистерна, екі мотопомпа және ТЖД бөлімшелерінің 10 адамы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен құралдары жұмылды. Өрт шыққан алаң шамамен 900 шаршы метр болады. Сондай-ақ, биіктігі үш метрден асатын қоқыс үйіндісіндегі өртті сөндіруге ауа райы кедергі болды", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Сонымен қатар, Доскей ауылы тұрғындары өрттен шыққан өткір иіске шағымданды. Тұрғындар полигон жиі өртенетінін айтты. Олар полигонды жауып, қоқысты тұрғын үйлерден алысқа әкетуді сұрады.
Айта кетейік, 20 сәуірде Теміртауға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен барған еді. Ол "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Биджу Наирмен кеңес өткізген. Ол алдағы бес жылға атмосфераға зиян қалдық шығаруды азайту жөнінде кешенді жоспар ұсынған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также