ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2023 | 12:39
Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 14-16 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда 14-16 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметі бойынша, фронталь бөлімдер әсерінен таяудағы үш тәулікте солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын болады деп болжанған. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанған.
"Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа дейін жылыса, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде 1-3 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также