ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2023 | 14:31
Денесі мен қолында жарылғыш зат болған: Астанадағы кепілге алу оқиғасы туралы жаңа мәлімет
Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алған ер адамның денесі мен қолына жарылғыш зат болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазинформ" ХАА-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алған ер адамның денесі мен қолына жарылғыш зат болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазинформ" ХАА-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы басылымға берген сұхбатында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Ол шабуыл жасаушы немен қаруланған деген сұраққа жауап берді.
"Оның тапаншаға ұқсайтын заты болды. Оның үстіне денесі мен қолына қолдан жасалған жарылғышқа ұқсас зат бекітілген. Қазір бұл заттар сараптамаға жіберілді. Олардың қаншалықты белсенді жарылғыш құрылғы немесе пішін екенін – сараптама анықтайды", - деді Марат Қожаев.
Сондай-ақ, ІІМ басшысының бірінші орынбасары кепілге алынғандарды босату жөніндегі арнайы операцияның басқа да жай-жапсарын айтып берді.
"Адамды неғұрлым тезірек анықтасақ, онымен келіссөз жүргізу оңайырақ. Бұл жағдайда оның туыстарын қостық. Біз оны суретке түсіріп, дерекқорларымызды қарап, адамның жеке басын анықтадық. Ол бастапқыда өзін мүлдем басқа есіммен таныстырды. Біз Дильшот деген адаммен келіссөз жүргізіп жатқан едік", - дейді Марат Қожаев.
Кейін, оның айтуынша, күдікті кім екені суреттен анықталған. Бұл Жамбыл облысы, Гродеково ауылының тумасы Әлихан Мурадов болып шықты.
"Жамбыл облысына шықтық, онда біздің бөлімшелеріміз күдіктінің туыстарын тез тауып алды, олар арқылы оған әсер етуге тырыстық, сол арқылы күдікті жасауы ықтимал әрекеттерді барынша азайтты. Бейбіт жолмен шешуге тырыстық, соңғы шара ретінде келіссөз күші болмаса, арнайы бөлімшелер қосылуы керек еді", - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также