Денис Тенді өлтіргендерді қолдап жазба жариялаған ұстаздың ісі Оралда қаралып жатыр

Оралдың қалалық сотында 25 жастағы ұстаз Шерхан Байзеновке қатысты іс қаралып жатыр, ол ұлтаралық араздық тудырды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралдың қалалық сотында 25 жастағы ұстаз Шерхан Байзеновке қатысты іс қаралып жатыр, ол ұлтаралық араздық тудырды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шерхан Байзенов интернет қолданушыларының шағымынан кейін ұсталған. Шағымданушылардың айтуынша, ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді қолдап, жазба жариялаған. 

Сотта оның жұмыстан шеттетілгені анықталды, ол БҚО Зеленов ауданындағы Белес ауылының орта мектебінде математика пәнінен сабақ берген. Адвокаттың айтуынша, айыпталушы бар кінәсін мойындаған. "Біз прокурормен келісімге келгіміз келеді", - деп мәлімдеді адвокат Жұмалиева.

Реклама
Реклама

Сот іс қаралымын 12 қазанға ауыстырды. Айыпталушы баспасөз қызметкерлерімен тілдескісі келмеді.

Бұған дейін Байзеновтің қазақстандықтардан кешірім сұрағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама