Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізушісі қызметтік көлікпен ұрлыққа шығып отырған

Иллюстрациялық сурет. © pexels.com

Денсаулы? са?тау министрлігіні? ж?ргізушісі ?ызметтік к?лікпен ?рлы??а шы?ып отыр?ан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігінің жүргізушісі қызметтік көлікпен ұрлыққа шығып отырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғын Сауран көшесіндегі үйінің ауласында тұрған КамАЗ көлігінің аккумуляторын ұрлап кетті деп полицияға арызданған. Тағы екі зардап шегуші де осындай арыз түсірген. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында ІІД-нің криминалды полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 31 жастағы азамат қызметтік микроавтобуспен ұрланған заттарды тасыған", - дейді полицейлер. 

Реклама
Реклама

ҚР ҚК-нің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы анықталып жатыр. 

Полицейлер Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптау орталығының жүргізушісін ұстағаны хабарланып отыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама