04 қыркүйек 2024 | 08:54

Депутат Тұрлыхановтың ұлы “қыдырып жүргені“ үшін кімдер жазаланды?

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат уақытында пробациялық тізімге тіркелмегені үшін нақты кім жазаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат уақытында пробациялық тізімге тіркелмегені үшін нақты кім жазаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, сот үкімі Алматы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне 14 тамызда келіп түскені айтылған. Сол күні Нұрасыл Болат пробация қызметінің есебіне алынған.

"Дегенмен, жіберілген процессуалдық заңбұзушылықтар үшін Байқоңыр облысы бойынша пробация қызметінің аға инспекторы мен оның тікелей басшысы, сондай-ақ Астана бойынша ҚАЖД басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген комитет хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, тамызда желіде Нұрасыл Болаттың үйінде пробациялық бақылауда болуы керек уақытында, қаланы аралап жүргені түсірілген видео пайда болды. ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны айтылған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

9 қазанда сот Нұрасыл Болатты өзіне тағылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, үкімді өзгертті. Тұрлыхановтың ұлына екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтемақы мөлшері ұлғайтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная