18 қаңтар 2022 18:31

ДСМ өкілі қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қаңтарда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қаңтарда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының жедел мәліметтері бойынша, елде төтенше жағдай мен лаңкестік әрекет салдарынан 2739 адам медициналық көмекке жүгінген, қазір 200 адам стационарлық ем алып жатыр. Адамдар ауруханадан шығарылып, амбулаториялық емделуге жіберіледі.

Қазір жансақтау бөлімінде 14 науқас жатыр, оның 4-і  Алматыда, Алматы облысында - 1, Қызылорда облысында - 5", - деді Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, медициналық мекемелерде 177 науқас қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Екеуі жансақтауда болды. Бірақ олардың жағдайы кейінгі үш күнде нашарлап, қайтыс болды", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram