27 қыркүйек 2023 11:49

Егде адамды видео үшін соққыға жыққан: жасөспірімдерге қатысты соты қалай аяқталды?

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде жасөспірім қарияны соққыға жыққан видео тараған еді. Бұл іске қатысы бар жасөспірімдер жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде жасөспірім қарияны соққыға жыққан видео тараған еді. Бұл іске қатысы бар жасөспірімдер жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар жасаған бұзақылық дерегі (Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) бойынша кәмелетке толмағандар - Ж. және А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сот биыл шілдеде кәмелетке толмаған жасөспірімдер қаланың орталық көшелерімен жүріп бара жатып, мас күйінде жатқан Щ.-ны байқағанын анықтады, содан кейін олар оны аяғынан итеріп, оята бастаған. Бұған жауап ретінде кәмелетке толмағандар Щ.-дан балағат сөздер естіген, содан кейін олар одан алыстап кеткен. Кәмелетке толмағандардың бірі қорланғанына, естігеніне шыдай алмай, үстемдігін көрсеткісі келіп, жәбірленушінің бетінен бірнеше рет ұрған. Екінші сотталушы болып жатқанның бәрін смартфонға видеоға түсіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салуға итермелеп, мазақ етіп, осылайша, арандатушы рөлін атқарды. Осыдан кейін қоғамға өздерн танытқысы келіп, олар түсірген видеоны Instagram әлеуметтік желісінде қолжетімді етіп таратқан", - делінген Алматы соттары хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сарапшының қорытындысы бойынша жәбірленуші Щ.-ның денсаулығына жеңіл зиян келген. Сотта сотталушылар өз кінәсін толық мойындап, істеген істеріне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары жәбірленушіге материалдық және моральдық шығынды өтеді. Ал жәбірленуші сотта сотталушылармен татуласқанын, оларға қандай да бір шағымдары жоқ екенін мәлімдеп, оларды қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігі негізінде кәмелетке толмаған сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы көшелерінің бірінде жігіт егде жастағы ер адамды соққыға жыққаны, оқиғаның видеосы Telegram-арналарда тарағаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram