ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2021 | 09:46
Екі адам қаза тапты. Маңғыстауда кен орнындағы жатақханада өрт болды
Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ сайтына сілтеме жасап.
6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.
Қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС филиалының басшылығы барды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также