ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2023 | 16:05
Екі айдан аз уақыт қалды: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ 23 қаңтардан 30 маусымға дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.
"Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз", – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также