30 қазан 2020 | 10:00

Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді

Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 29 қазанда сағат 18:08-де Екібастұздың өртке қарсы қызмет пультіне Әуезов көшесінде көлік өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.

Реклама
Реклама

"Өртсөндірушілер бес минутта жетті, сол уақытта екінші деңгейдегі банктердің бірінің инкассатор автомобилінің салоны мен мотор бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Өрт ауданы төрт шаршы метр, ол 18.24-те сөндірілді", - деді ресми өкіл.

Автокөліктегі ақшаға зиян тимегені хабарланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының тұйықталуы. Оны сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 6 адам, 1 өрт сөндіру техникасы жұмылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Жаңа министр ант қабылдады