Екібастұзда әткеншекке таласып, шу шығарған екі әйелді полиция жазалады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: polisia.kz

Екібастұзда әткеншекке таласқан екі әйел шу шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұзда әткеншекке таласқан екі әйел шу шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 25 мамырда сағат 14:30-да Екібастұз полициясына Королев көшесінің тұрғындары хабарласқан. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдердің арасындағы жанжал бір-бірін ұнатпауына байланысты өрши түскен. Екеуінің балалары алаңдағы әткеншекке таласып қалған.

Көршілерінің айтуынша, балалар әткеншекке таласып, жылай бастаған соң іске ата-аналар араласып, әркім өз баласын жақтап, жанжал шығарған. Жандарында тұрған балаларды елеместен, бір-біріне балағат сөздер айтқан.

Реклама
Реклама

Оқиға болған аулаға келген полицейлер әйелдерді сабырға шақырған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Материалды сотқа жіберу жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама