Екібастұзда екі автобус соқтығысып, 15 жолаушы зардап шекті

Сұлу Бөлек Корреспондент

Екібастұзда екі автобус соқтығысып, 15 жолаушы зардап шекті. Зардап шеккен 4 адам, оның ішінде 6 жасар қыз ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұзда екі автобус соқтығысып, 15 жолаушы зардап шекті. Зардап шеккен 4 адам, оның ішінде 6 жасар қыз ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 18 шілде таңертең болған. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, №7 және №33 автобустар Мәшһүр Жүсіп пен Бұқар жырау көшелері қиылысында соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға салдарынан автобустардың бірі жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің, оның ішінде 6 жасар баланың миы шайқалған, жабық бассүйек-ми жарақатын алған.

"Барлық науқастың жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ, жол апатынан кейін тағы 12 адам өздері медициналық көмекке жүгінді. Жолаушылардың бірі ауруханаға жатқызылды, қалғандары стационарлық емдеуден бас тартып, амбулаториялық емге ауыстырылды. Өтініш білдіргендер түрлі жарақат алған, соның ішінде төрт адамға жабық сүйек сынығы диагнозы қойылды", - деді өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Дәрігерлер зардап шеккендер саны әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама