Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы көлік қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде 14 және 4 жастағы екі баланы көлік қағып кетті. Жарақат алған екі бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде 14 және 4 жастағы екі баланы көлік қағып кетті. Жарақат алған екі бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 наурызда таңғы сағат 7.45-те Жүсіп пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған. Көлікті әйел жүргізіп келе жатқан.

"Hyundai Accent көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан 2007 және 2017 жылы туған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған балалар ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысының полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама