ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 мамыр 2022 08:57
Екібастұзда жоғалған бала Шымкентке бара жатқан пойыздан табылды
Павлодар облысының полицейлері жоғалған баланы тапты, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.
3 мамырда сағат 13.00-де 8 жастағы бала Екібастұз қаласындағы музыка мектебінің алаңына серуендеуге шыққан. 1 сағаттан кейін анаcы ұлын іздеп, таба алмаған.
Әйел бірден полицияға қоңырау шалған. Жеке құрам, соның ішінде желілік полиция дереу жұмысқа кіріскен.
Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған бала Павлодар - Шымкент бағытындағы пойыздан, Шідерті станциясының маңынан табылған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы пойыздан түсіріп, Екібастұзға әкеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу