ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2021 | 11:12
Екібастұзда жоғалып кеткен жасөспірімдердің заттары табылды
Екібастұзда полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен екі оқушыны іздестіріп жатыр. Жасөспірімдердің заттары жергілікті су айдыны жағасынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұзда полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен екі оқушыны іздестіріп жатыр. Жасөспірімдердің заттары жергілікті су айдыны жағасынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған ақпарат бойынша, жасөспірімдер 29 мамырда сағат 16.00-де жоғалып кеткен.
"Александр Войтюк Беркімбаев көшесіндегі 101/3-үйден, Вячеслав Ткач Энергетиктер көшесіндегі 65-үйден шыққан. Жасөспірімдер жаңа көпір маңына кетіп, қайтып оралмаған", - делінген әлеуметтік желілерде таралған хабарламада.
Сондай-ақ, 29 мамырда сағат 19.00-де су қоймасы жағасынан жоғалғандардың заттары мен телефоны табылды.
Сол күні кешке полиция мен еріктілер балаларды іздеуге кіріскен. Бірақ нәтиже болмады.
Кейін іздеу жұмыстарына "Поисковики Павлодара VITA" қоғамдық ұйымының еріктілері қосылған.
"Түнде Екібастұзға шұғыл түрде бардық. Онда бізді жергілікті еріктілер күтіп алды. Қазір полиция және құтқарушылармен бірге жағалау сызығын тексереміз, сүңгуірлер су түбін тексеруге дайындалып жатыр", - деді еріктілер.
Еріктілер жасөспірімдердің қайда екенін білетіндер болса дереу хабар беруді сұрайды.
"Белгілері: Александр Войтюк, бойы 180-185 сантиметр, шашы ақшыл, жіңішке денелі. Вячеслав Ткач бойы 160-165 сантиметр, шашы ақшыл, денелі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также