Екібастұзда күкірт қышқылы мен құм тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Екібастұз-1 станциясында жүк вагондары рельстен шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі не сілтеме жасап.

Екібастұз-1 станциясында жүк вагондары рельстен шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі не сілтеме жасап.

"26 тамызда сағат 13: 40-та Екібастұз-1 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде 3 вагон рельстен шықса, оның ішінде 2 вагон құм тиелген, 1 вагон күкірт қышқылымен болған, алайда төгілмеген", - делінген хабарламада.

Вагондар қалпына келтіру пойызының көмегімен көтерілетіні айтылған.

Реклама
Реклама

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдай басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ", - делінген хабарламада.

Жолдан шығу себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама