21 желтоқсан 2022 | 09:17

Екібастұзда ұлы 15 жыл көрмеген анасын тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Екібастұзда еріктілер 15 жыл бұрын бір-бірінен ажыраған ұлы мен анасын кездестіруге көмектесті, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда еріктілер 15 жыл бұрын бір-бірінен ажыраған ұлы мен анасын кездестіруге көмектесті, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Игорь балалар үйінде тәрбиеленді, анасы ата-ана құқығынан айырылды. Осыған қарамастан жігіт анасын табудан үмітін үзген жоқ. Сол үшін ол "Вита" жасағының еріктілерінен көмек сұраған.

Әйелді табу үшін біраз уақыт қажет болды, бірақ көптен күткен кездесу өтті. Еріктілер Instagram-парақшасында әсерлі сәттің видеосын жариялады.

Реклама
Реклама

"Бірнеше ай бұрын екібастұздық еріктілерге анасын табуға көмектесуін өтінген жігіт жүгінді. Әйел ата-ана құқығынан айырылып, бала жетімдер үйіне түскен. Соған қарамастан Игорь анасын көргісі келген. Жігіттің айтуынша, Екатерина Александровнаның соңғы тұрған жері - Екібастұз қаласы, сондықтан ол жергілікті еріктілерге жүгінген", - деді іздеуге көмектескен еріктілер.

Еріктілер ұлы мен анасының кездесуін жаңажылдық ғажайып деп атайды.

"Біздің еріктілерге әйелді табу үшін біраз уақыт қажет болды, оны іздеу туралы бейнероликті жергілікті телеарналар және біз әлеуметтік желілер арқылы тараттық. Ғажайып сәт жетті - 15 жылдан кейін көптен күткен кездесу болды. Әйелдің әрекеті мен баланың жетімдер үйіне түсуінің себебін бағалайтын біз емес. Бір нәрсе анық: олар бұл кездесуді асыға күтті. Жаңа жыл қарсаңында жігітке ғажайыпқа сенуге көмектескенімізге қуаныштымыз", - дейді іздеушілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная