Екібастұзда екі жеткіншек көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған сурет

Екібаст?зда екі ?ыз к?п?абатты ?йді? т?бесінен секіріп кетті. Н?тижесінде 15 жаста?ы ?ыз мерт болды, ал екіншісі "ауыр" халде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Екібастұзда екі қыз көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті. Нәтижесінде 15 жастағы қыз мерт болды, ал екіншісі "ауыр" халде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға түнгі сағат 1-лер шамасында болған. Жансақтау бөлімінің мамандары қос қыздың өмірін ажалдан арашалап қалу үшін үш сағат бойы арпалысты. Алайда, біреуі алған жарақатынан қайтыс болған. Екінші оқушының да халі "ауыр" деп бағаланған екен. 

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Шахмарданның айтуынша, екінші қыз ауыр жарақаттар алған. 

Реклама
Реклама

"Мидың ашық зақымы, бет сүйектерінің ашық сынуы, бас сүйектің соғылуы, омыртқаның мертігуі, іштің тұйық жарақаты, травматикалық шок деген диагноздар қойылды. Дәрігерлер қыздың өміріне араша түсу үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Қандай да бір болжам айтуға ерте", - деді ол. 

Қыздар 9-сыныпта оқығаны мәлім болды. Кеше екеуі де сабаққа қатысыпты. Кешкісін құрбысына қонаққа баруға бірі үй ішінен сұранып кеткен. Қаза болған 15 жастағы қыз тәртібіне байланысты кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекцияда есепте тұрған екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама