Екібастұзда өрт шыққан үйден екі бала мен әйел құтқарылды

Екібаст?зда ?рт шы??ан ?йден екі бала мен ?йел ??т?арылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұзда өрт шыққан үйден екі бала мен әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлер әлеуметтік желіде жариялап жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, өрт Екібастұз орталығындағы Әуезов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. 

Видеодан екі бала мен әйелді ер адамдардың балкон арқылы шатырға шығарып алғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен алты жасар баласы және 2017 жылғы қызы зардап шеккенін айтып берді. "Зардап шеккен анасы мен екі баласы есеңгіреп қалған, қорқып қалған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты", - деді басқармадағылар.

Екібастұз әкімдігінің өкілдері өртенген бесқабатты үйден 9 адамның эвакуацияланғанын хабарлады. Өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама