27 наурыз 2019 | 23:04

Экипаж қаза тапты - Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақ жайлы

Қызылорда облысында құлаған Ми-8 тікұшағының экипажы қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында құлаған Ми-8 тікұшағының экипажы қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды Қазақстан Президенті.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады. 2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған. Тікұшақ бортында 13 адам болған. 

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды. Қазіргі уақытта екі тікұшақ Қызылордаға қонды, біреуі апат орнына оралды. 

Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірігіп, әуе апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады. ІІМ ТЖ жөніндегі комитететінің мәліметінше, МИ-8 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған. Тікұшақ белгісіз жағдайларда құлап, толықтай өртеніп кеткен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная