Елорда базарының қоймасында шыққан өрт сөндірілді

?ртті? шы??анын онлайн режимінде ?алалы? Ахуал орталы?ыны? бейне-ба?ылау камералары тіркеген. ??рбандар мен зардап шеккендер жо? деп хабарлайды елорда ?кімдігіні? медиа орталы?ы. 

Өрттің шыққанын онлайн режимінде қалалық Ахуал орталығының бейне-бақылау камералары тіркеген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Сағат 13:30-да "Big Шанхай" базарында бөлек тұрған қойма ғимаратының жабындысы, ағаш құрылымдары, жылытқыштары жанған болатын. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды аз уақыттың ішінде ауыздықтай алды. 

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайдың орын алғаны жөнінде қалалық ахуал орталығының арқасында білу мүмкін болды.. 

"Өрт сағат 13:56-да ауыздықталып, сағат 14:07-де толықтай өшірілді. Өртті жоюға жеке құрамның 44 адамы мен техниканың 12 бірлігі жұмылдырылды", - деп мәлімдеді қалалық ахуал орталығында.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өрт 120 шаршы метрді шарпыған.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама