ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2021 | 18:09
Елорда көпіріндегі жол-көлік оқиғасы: тірі қалған қыз ауруханадан шықты
30 қыркүйекте елордадағы көпірде болған апаттан зардап шеккен 18 жасар қыз ауруханадан шықты. Бұл туралы академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйекте елордадағы көпірде болған апаттан зардап шеккен 18 жасар қыз ауруханадан шықты. Бұл туралы академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық мәліметінше, апаттан кейін науқастың омыртқасы мен жұлынына жедел ота жасалған, ота 4,5 сағатқа созылған. Жағдайы тұрақталғаннан кейін, емдеу бөліміне ауыстырылған.
"Кеше қыз үйіне шықты, өзі қозғала алады. Мұның бәрі - реаниматологтар, хирургтар, нейрохирургтардан құралған медициналық топтың жұмысының нәтижесі. Әрине, науқастың өзінің өмір сүруге деген құштарлығы да бар. Операцияны №1 травматология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Байдарбеков, анестезиолог, анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Тұрсын Жексембиев жасады", - деп хабарлады ҰҒТО баспасөз қызметі.
Еске салайық, 30 қыркүйекте сағат 00.34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдық сақтамағандықтан рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткендіктен, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Бір жолаушы - 18 жастағы қыз. Оның омыртқасы сынып, травматикалық шокпен ауруханаға жатқызылды.
Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также