19 ақпан 2020 18:51

Елорда орталығында көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтандағы Республика даңғылында көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Республика даңғылында көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан куәгерлер сурет жіберіп жатыр. Олардың айтуынша, Республика даңғының бойында Кенесары көшесі мен Абай даңғылының аралығында саған шамамен кешкі алтыда жеңіл көлік өртенген. Өртсөндірушілер бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жеткен.

Реклама
Реклама

"17.55-те Нұр-Сұлтан өртке қарсы қызметінің пультіне Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысындағы автокөліктің өртенуі туралы шақырту келіп түсті. Өртсөндірушілер келген кезде Audi маркалы автокөліктің жанып жатқаны анықталды. Өрт 18.06-да жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін даңғылда кептеліс пайда болған. 

ІІМ ТЖМ өкілдері автомобильдің өртенгеннен кейінгі суретін көрсетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды