15 мамыр 2020 14:10

Елорда орталығында Toyota Camry көлігі апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан қаласының орталығында көлік апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының орталығында көлік апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспаөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15 мамыр күні сағат шамамен 10:20-да болған.

Реклама
Реклама

"Toyota Camry маркалы көлігін 1988 жылы туған азамат тізгіндеді. Ол Бараева көшесіндегі туннельде рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан автокөлік аударылды. Жүргізушінің үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", - дейді қалалық полиция департаментінің баспаөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін атап өтті.

Айта кетейік, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы 1-тармағы (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 6 айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram