05 қараша 2021 | 16:57

Елорда тұрғыны аквапаркте құлап, жарақат алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласында аквапаркте құлап, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласында аквапаркте құлап, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 қарашада Ailand аквапаркінде болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тараған.

Құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттармен ауыр халде түскен.

"Дереу стационарлық медициналық көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлерінің жылдамдығының арқасында қазір зардап шеккен науқастың жағдайы орташа қалыпқа келді. Есін жиды, дәрігерлердің бақылауында", - деп атап өтті басқармада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная