ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 наурыз 2021 13:23
Елордада автокөлік өртенді
13 наурызда таңертең астанада көлік өртенді. Оқиға орнында көлік иесі болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 наурызда таңертең астанада көлік өртенді. Оқиға орнында көлік иесі болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 07.34-те Нұр-Сұлтан өрт сөндіру қызметіне Қонаев көшесі 14/2 мекенжайында көлік өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
"Өртсөндірушілер келген бойда ВАЗ 2114 маркалы автомобилінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында автокөлік иесі болған жоқ. Өрт 07.46-да жойылды", - деді қалалық ТЖД өкілі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - қозғалтқыштағы электр сымдарының тұйықталуы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу