Елордада жантүршігерлік жол апаты болды

Фото:t.me/kris_p_almaty_official

Нұр-Сұлтанда жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 мамырда сағат 18.40-та "102" желісіне жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хабарлама келген.

"Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен 40-ншы станцияға қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті, сөйтіп 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама