07 тамыз 2022 | 09:14

Елордалық балабақшада кішкентай қыз қайтыс болды: анасы бір айдан бері келмеген

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда әйел рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген 24 сағаттық балабақшаға баласын бір ай бойы тастап кеткен, бала сол жерде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда әйел рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген 24 сағаттық балабақшаға баласын бір ай бойы тастап кеткен, бала сол жерде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан  қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-нің әйелге оның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

"Анасы бала-бақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан аса уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған. Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген. 2022 жылғы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған кіші қыз қаза тапқан. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Баланың денесінде көптеген дене жарақаты болған", - делінген сот хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Сот шешімімен әйел үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді, баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-ге берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная