23 ақпан 2021 | 16:40

Энергетика министрлігі Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты түсінік берді

Фото ©РИА Новости

Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 22 ақпанда Ресей Федерациясы аумағында "Союз" магистраль газ құбырының 108-шақырымында жарылыс болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін "Союз" МГҚ және "Орынбор-Новопсков" МГҚ бойынша газ беру тоқтатылды. Тиісінше, Ресей газ транзиті және Қарашығанақ газын Орынбор газ өңдейтін зауытына жеткізу тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысы тұтынушыларын газбен жабдықтау үшін "Орта Азия-Орталық" магистраль газ құбырынан ресурстарды қайта бағыттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жүйесінің барлық объекті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында", - деді ведомство өкілдері.

Министрлік баспасөз қызметіндегілер газ тасымалы тоқтап қалуынан болған жалпы шығын мөлшері кейінірек есептелетінін хабарлады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Ресейден Қазақстанға газ транзиті Орынбор облысындағы "Союз" магистраль газ құбырындағы жарылыстың салдарынан тоқтатылғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная