Ер адам досын жол үстінде жарақаттаған: Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді

Видеодан алынған кадр

Батыс ?аза?стан облысты? ІІД ?кілдері А?сай ?аласында?ы о?и?аны? егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Батыс Қазақстан облыстық ІІД өкілдері Ақсай қаласындағы оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, әлеуметтік желіде көшеде жанжалдасқан ер адамдардың видеосы тараған болатын. Оқиға 8 қазанда кешкі уақытта Железнодорожная көшесінде орналасқан "Прага" кафесінің маңында болған. 

Полицейлердің сөзінше, күдікті шыны сынығымен 30 жастағы ер адамды жаралаған. Жамбасы мен сол аяғынан жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. 

Реклама
Реклама

"Қазір зардап шегуші ауруханада, оның жағдайы тұрақты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жарақат алған ер адам және оларды арашалағандар - бәрі дос болып шықты", - дейді полицейлер. 

Оқиға ер адамдардың сөзге келіп қалуынан басталған. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергу басталды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама