Ер адам жол апатынан соң оқиға орнынан қашып кеткен

Алматыда ер адам жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда ер адам жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

"Түнде сағат 1:35 шамасында Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта жүріп, Шаляпина көшесінің қиылысында қашықтықты сақтамай, төрт бірдей Nissan, Mercedes, Toyota Land Cruiser Prado және Chevrolet секілді автомобильдермен соқтығысқан. Кейін кінәлі апат орнынан жаяу қашып кеткен", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтаған. Кінәліні ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр.

"Жол апаты салдарынан Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады", - деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама