13 ақпан 2024 16:10

Ер адамды шетелдіктер ұрып өлтірген бе? Ақтөбе облысындағы жанжалдың мән-жайы

видео кадры

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тасжолда жүргізушілер арасында болған төбелеске қатысты пкір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тасжолда жүргізушілер арасында болған төбелеске қатысты пкір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында тасжолда жүргізушілер арасында жанжал шыққаны туралы ақпарат пайда болған еді. Онда бірнеше шетелдік ер адамды соққыға жыққаны туралы айтылған.

13 ақпанда Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауыр көлік жүргізушілері арасындағы жанжалға қатысушылардың бірі анықталып, ұсталғанын хабарлады. Полицейлер адам өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының азаматтары арасында кикілжің туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Онда бір адам зардап шеккені анықталды. Қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осы факт бойынша соталды тергеу амалдары және қалған күдіктілерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram