04 қараша 2021 10:00

Ердоған "өлді" деген хештегпен жазба жариялаған 30 адам іске тартылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: © REUTERS

Twitter-де Түркия президенті Ердоған туралы қауесет таралуына байланысты 30 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жергілікті БАҚ қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасай отырып мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter-де Түркияның қазіргі президенті туралы #death хэштегі тараған.

"Хештег астында президенттің абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын жалған ақпарат пен түрлі контент таратқан 30 адам анықталды. Оларға қарсы іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жалған ақпараттары бар хабарламалар бойынша тергеу жүргізіліп, нәтижелері сот органдарына жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram