Ертістен екі ай бұрын суға батып кеткен жұмысшының мәйіті табылды

©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында екі ай бұрын Ертіске батып кеткен жұмысшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ер адамның денесі Глубокое ауданындағы Уварово ауылынан 15 ақпан күні сағат 12.20-да табылған. "Тұрғындардың бірі Ертіс жағасынан ер адамның мәйітін тауып алды, алдын ала ажырату бойынша, 1961 жылы туған азамат - газ дәнекерлеуші, ол 2014 жылдың 15 желтоқсаны күні Өскемен қаласы Аблакетка елді мекені аумағында Ертіс өзенінің айлағында жылжымалы тұрақтағы пайдалану станциясында газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде суға батып кеткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер хабарланған жоқ. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама