26 маусым 2023 08:22

Ертістен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында Ертістен 9 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Марқұмның мәйіті көлікте болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында Ертістен 9 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Марқұмның мәйіті көлікте болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға туралы павлодарлық құтқарушылар хабарлады. Құтқарушылар 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамды үш күн бойы іздестірген.

"25 маусымда Ертісте жедел-іздестіру шаралары барысында эхолот көмегімен 10-15 метр қашықтықтан шамамен бес метр тереңдікте көлік табылды. Сүңгуір суға сүңгіп, көлік аударылып жатқанын растады. Арнайы техника көмегімен көлік жағаға шығарылып, "102" қызметіне тапсырылды. Жоғалған адамның денесі салон ішінен табылды", - деді Павлодар қалалық ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram