Esentai Mall тұрағында жаппай төбелес болды

Esentai Mall тұрағында жаппай төбелес болды © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ?ш к?лік со?ты?ысып, соны? салдарынан жаппай т?белес болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда үш көлік соқтығысып, соның салдарынан жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға түнгі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан Esentai Mall сауда орталығының тұрағында болды.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry тұрақтан қозғала бергенде батысқа қарай кетіп бара жатқан Lexus жол талғамайтын көлікпен бетпе-бет соғысқан. Осыдан кейін седан жанында тұрған Mercedes көлігіне соғысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Camry автомобилінде болған үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. 

Реклама
Реклама

Жол апатынан кейін жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал шығып, төбелес болған. Соның салдарынан тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген Бостандық аудандық полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан он шақты адамды АІІБ-ге жеткізді. 


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама