Есікте атыс болып, полицей қаза тапты

Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында?ы Есік ?аласында бол?ан атыс салдарынан екі адам жара?ат алды. Оларды? бірі ауруханада к?з ж?мды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кей м?ліметтер бойынша, мар??м ІІАБ ?ызметкері бол?ан. 

Алматы облысындағы Есік қаласында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған. 

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған. 

Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтады. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған. 

Реклама
Реклама

Екінші адамның жағдайы - тұрақты. Тиген оқ аяғын сындырған. Дәрігерлердің сөзінше, 1986 жылғы ер адам еш жерде жұмыс істемейді. 

Мұның алдында Tengrinews.kz Алматы облысының ІІД-не ресми сауал жолдаған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама