12 желтоқсан 2022 | 09:28

"Ескі және суық вагон": ҚТЖ спортшы балалардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойызбен Маңғыстаудан Алматыға шыққан спортшы балалар оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойызбен Маңғыстаудан Алматыға шыққан спортшы балалар оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, №13/14135 вагоны Алматыдан Маңғыстауға шыққанда техникалық жарамды жағдайда болған. Бұл ретте жолда вагондағы температура режимінің бұзылуына байланысты басшылық вагонды ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Қазір бұл құрам жолда, температура режимі сақталған, вагон құрылғылары қалыпты жұмыс істеп тұр, жолаушылар тарапынан шағым жоқ.

"Осы факт бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ облыстық филиалында қызметтік тексеру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кішкентай спортшылар ата-аналарымен бірге Алматыға таэквондодан жарысқа бара жатқан. Вагон ескі, іші суық болғандықтан, ата-аналар шу шығарып, Маңғыстау станциясында пойызды тоқтатқан. Олар жаңа вагон беруді талап еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная