24 шілде 2022 | 11:05

Есік қаласындағы атыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында болған атыс кезінде жараланғандардың бірі ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында болған атыс кезінде жараланғандардың бірі ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады.

"23 шілдеге қараған түні Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы өте ауыр болды, оқ тиген соң көптеген жарақат алған. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, бірақ барлық күш-жігерге қарамастан ауруханаға түскендердің бірі бүгін түсте қайтыс болды", - деді Ләйлім Әубәкірова.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін қарқынды терапия арқылы күресіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және оларды ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная