02 мамыр 2021 14:46

Есікте 40 тонналы жүк көлігінен өрт шықты

Фото: Алматы облыстық ТЖД

Алматы облысы Есік қаласында жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Есік қаласында жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолда өртеніп жатқан жүк көлігінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Реклама
Реклама

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы Алтын адам көшесінде жүк көлігі өртенгені туралы хабар 2021 жылы 2 мамырда сағат 11.43-те түскен.

"Оқиға орнына келген кезде 40 тонналық HOWA жүк көлігінің салоны өртенгені анықталды. Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігінің техникалық ақауы себеп болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram