Есілде қырылып жатқан балықтар видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақмола облысындағы Зеленый Гай ауылының тұрғындары қырылып қалған балықты видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысындағы Зеленый Гай ауылының тұрғындары қырылып қалған балықты видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақмола облысы Целиноград ауданы, Родина ауылдық округі, Зеленый Гай ауылының Есіл өзенінде балықтар қырылып жатыр", - дейді жергілікті тұрғындар.

Есілде балық қырылып жатыр. Ауыл тұрғындары редакцияның WhatsApp-нөміріне видео жолдады. Ол 12 тамызда түсірілгені айтылған.

Реклама
Реклама

"Сұмдық... Не болған, бұл не? Осынша балық... Бүкіл жағалау бойы осындай. Неткен өкінішті, бүкіл жағалау... Сұмдық", - дейді видео авторы жағалау көрінісін көрсетіп.

Tengrinews.kz редакциясы Экология министрлігіне Есіл өзеніндегі балықтардың қырылу дерегіне қатысты пікір білдіріп не жоққа шығаруды сұрап жүгінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама